Теңіз кенішінде індет жұқтырғандар саны артты

Атырау облысы Теңіз кенішінде ауру жұқтырғандар саны артты.

Жылыой ауданында да жағдай мәз емес. Соңғы тәулікте қауіпті індетке шалдыққан 293 науқастың 31-і Теңіз кенішінен скрининг нәтижесінде анықталды. Ал 32 адам Жылыой ауданында тіркелген. Қазір кен орнындағы инфекциялық стационарда 113 адам ем қабылдап жатыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4 есе төмен көрінеді. Теңіз кенішіндегі 39 мыңға жуық жұмысшы коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған. Ал екінші компонентін 22 мыңдай жұмысшы салдырыпты.

Рзабек Артығалиев, компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері:

– Күніне 2 мыңға жуық адамнан ПТР-тест аламыз. Өзінің жоспарымен адамдардың бәрін қарап, анықтаймыз. Өсім байқалады. Себебі, қазір бізде Теңіздің басында 46 мыңнан астам адам бар. Капремонт болады, соған да адамдар келіп жатыр. Бірақ негізгі өндірісіміз оған қарамастан штатты режимде жұмыс істеп жатырмыз.