Жалған ПТР анықтамасын сатқан ақтөбелік ерлі-зайыптылар ұсталды

Жалған ПТР тест анықтамасын саудалаған ерлі-зайыптының ісі әшкере болды.

33 жастағы жігіт Ақтөбе облысы мен Ресей шекарасындағы Жайсаң бекетінен өтетін жолаушыларға жалған анықтама сатқан. Құжаттарын жинап алып, медициналық орталықта дәрігер болып жұмыс істейтін әйеліне жіберіп отырған. Күдіктілердің заңсыз қызметіне жүк көлігінің жүргізушілері жүгінген екен. Полицейлер қылмыстық істің куәгерлерін де тапты. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Сотқа дейінгі тергеу барысында көрінеу жалған ПТР тесттерін қолданған 10 азамат куәгер ретінде анықталып, олардан жауап алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі «Көрінеу жалған құжатты пайдалану» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.