Ақтөбе облысында эпидемиологиялдық ахуал ушықты

Соңғы тәулікте 159 адам вирус жұқтырса, 7 тұрғыннан пневмония анықталды.

Мамандар дерттің таралуын тоқтату адамдардың өзіне байланысты деп отыр. Сондықтан санитарлық талапты сақтап, вакцина алуға шақырады. Себебі өңірде індеттің «делта» штамы анықталғаннан кейін жағдай қиындады. Инфекциялық стационарларда 415, ал жансақтау бөлімдерінде 40 адам ем қабылдап жатыр. «Қызыл аймақтағы» облыста карантиндік шектеу шаралары тағы күшейтілді.

Мұхтар Сербаев, облыстық СЭБ департаменті басшысының орынбасары:

– Эпидемиологиялық жағдайдың өршуі байқалып отыр. Өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 2,22 есеге көбейіп отыр. Сондықтан біз тағы айтамыз. Вакцина алуды сұраймыз және қарапайым профилактикалық іс-шараларды – маска тағып жүру, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, дезинфекциялық заттарды қолдану, үй-жайларды жиі желдетіп, ылғалды жуу жұмыстарды жүргізіп отыруды сұраймыз.