Таразда зауыт ұжымының 78%-і вакцина салдырды

Тараздағы гипс зауытының 70 қызметкері вакцина салдырды.

Біразы келесі айда дәрілік препараттың 2-ші компонентін алады. Қалғанына денсаулығына байланысты екпе салдыруға болмайды.

Жалпы, Жамбыл облысында ерікті түрде егілген тұрғын саны 260 мыңнан асты. Аймақта вакцина қоры жеткілікті. Халықты иммундау шаралары жалғасып жатыр.

Жанболат Тортаев, №2 емхананың дәрігері:

–  Вакцинаның «Спутник» және «Синовак», «Казвак» осы түрлері бар. Салған адамдардың қазіргі сәтте жағдайлары жақсы. 30 минут бақылауда болды. Вакцинаны жақсы көтеріп жатыр.