Түркістанда көпірден секірмек болған келіншек құтқарылды

Полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, 22 жастағы сіңлісінің көпірден секірейін деп жатқанын айтқан.

Қызметтегі жедел уәкіл Ерсұлтан Нұралыұлы бірден оқиға орнына аттанады. Күдік тудырмау үшін көпірге жасырын мініп, секіргелі тұрған келіншекті ту сыртынан ұстап алады. Сөйтіп, оны қауіпсіз жерге шығарады. Тексеру барысында құламақ болған келіншектің жақында ғана тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Ол отбасылық кикілжіңнен соң суицид жасамақ болыпты.

Зардап шегушінің әпкесі:

Мен Қуаныш Нұралыұлына алғыс айтқым келеді. Сіңілім қазір жақсы, өзімнің қолымда. Осындай қиын шақта, осындай қызметкерлердің барына шүкір. Полицейлердің ел қорғаны екеніе көзіміз жетті, рахмет.

Ерсұлтан Қуаныш  қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

Қызға көмектесіп, басқармаға жеткіздік. Психологиялық жұмыстар жүргізілді. Аман-есен әпкесіне тапсырдық. Бұл біздің міндетіміз, ҚР әрбір азаматының амандығын сақтау үшін қызмет етуге әрқашан дайынбыз.