Маңғыстау облысында мұнайшылар аққуды құтқарып қалды

Маңғыстау облысында мұнайшылар жалғыз аққуды құтқарды.

Бозашы кен орнында шөп арасында жатқан құсты кездейсоқ тауып алған. Мұнайшылар аққуларға қолдан шағын тоған жасап, сол жерде қоректендіріпті. Екі тәулікте күш жинап алған аққуды теңізге апарып, еркіндікке жіберген екен.