425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әскери медицина коронавируспен қалай күреседі?

  • 87
  • UPD: 23:24, 19.07.2021

Еліміздің Қарулы Күштерінде коронавирус індетімен күрес жедел жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде жеке құрамның 100%-і вакцина алған. Әскери бөлімдер мен мекемелер қажетті қорғаныс және медициналық құралдармен қамтамасыз етілген. Эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Әлбек Манабаев, ҚР ҚК Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы, полковник:

Коронавирус инфекциясы бойынша әскери ортада коллективтік иммунитет құрылғанна кейін тұрақты деп санауға болады. Қазір әскерилер жеке құрамы екпе алғандардың саны 100%-ке жетті: оның 99%-і бірінші компонетті қабылдағандар болса, екінші компонентті 92%-ке жуық адам. Соның арқасында эпидемиологиялық жағдай тұтақтанды. 

Сондай-ақ әскери дәрігерлер азаматтық ұйымдарда қызмет ететін әріптестеріне көмектесуге дайын. Елордадағы Бас әскери клиникалық госпитал қазірдің өзінде коронавирусқа шалдыққандарды емдеп жатыр. 

Әлбек Манабаев, ҚР ҚК Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы, полковник:

– Биыл да қажет болған жағдайда 3 әскери госпиталь әзір тұр. Талдықорған және Үшаралдағы үш әскери мекеме. Одан басқа 11 медициналық медбикелік бригада құрылды. Олар шалғай ауданға қажет болғанда жұмылдырылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың екі филиалы «Астана» мен «Батыста» мамандардың саны артты. Олардың құрамына ең қажетті мамандық иелері кіріп отыр.

Авторы: Айнұр Қуатқызы

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы