424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәдениет қайраткерлері екпе алуға шақырды

  • 269
  • UPD: 23:51, 19.07.2021

Мәдениет және қоғам қайраткерлері елорда тұрғындарын екпе алуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемді қуырып тұрған індеттен аман қалудың жалғыз жолы – вакцина салдыру. Елордада күніне орта есеппен 6 мың адам вакцина алады. Осы күнге дейін 196 мыңға жуық адам екпенің екі бірдей дозасын қабылдап үлгерген. Былтыр жаздағы жағдайдан қорқып едік. Бірақ биыл одан бетер ушығып жатқандай көрінеді. Күн сайын ондаған адамның бақилық болғанын естіп жатырмыз. 

Асхат Маемиров, Мемлекеттік музыкалық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры:

Адамның ғұмырын әрмен қарай жалғаудың бірден-бір жолы – вакцина қабылдау. Мен өзім қабылдадым. Себебі менің бір ғана ұстанымым бар. Мен әрмен қарай өмір сүргім келеді.

Дүниенің жарығы – иненің жасуына тығылғанын көпшілік біліп қалды. Сондықтан екпе салдырып жатыр. Олардың арасында өнерде жүрген жандар да бар. Өнер қайраткерлері екпе егіп ғана мына қасіреттен құтыламыз дейді.   

Ерім Тілегенова, цирк режиссері:

– Ол өзіңіздің және ата-анаңыз, туған-туысқандарыңыздың денсаулығы үшін өте қажет. Мен өзім жақын арада вакцина салдырдым. Хәл-жағдайым өте жақсы. Сол үшін қорықпай вакцина салдырыңыздар.

Дендеп бара жатқан дертке тек вакцина ғана тосқауыл болады. Қарсы тұратын жалғыз қару осы болып тұр. Жауыр болған сөз шығар. Бірақ – анығы сол. Бас қалада осы күнге дейін 314 мыңнан аса адам екпенің алғашқы компонентін алып үлгерген.

Авторы: Дастан Сейілханұлы         

 

Хабар 24 телеарнасы