424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы мал соятын орындарда санитарлық талаптар сақталмай жатыр

  • 61
  • UPD: 13:36, 20.07.2021
Елордадағы мал соятын орындарда санитарлық талаптар сақталмай жатыр

Елордадағы мал базарында сауда қыз-қыз қайнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онлайн құрбан шалу керек деген талапты ешкім ескеріп жатқан жоқ. Әкімдік қызметкерлері мен тәртіп сақшылары базарға кіреберіске арнайы қоршау орнатқан екен. Бірақ келушілер оған да қарамады. Толассыз ағылып жатыр. Мал соятын орындарда санитарлық талаптар мүлдем сақталмады. Иін тірескен адам. Жауаптылар әлгінде Ashyq мобильді қосымшасын орнатамыз деген. Ол да жоқ. Қарақұрым адам маскасыз жүр. Мамандар айтқан Qurban2021.kz сайты арқылы тек 300 адам ғана тапсырыс берген екен. Басқалары бағзы әдетке салып, мал базарын бетке алған.

Хабар 24 телеарнасы