Түркістан облысында жұмысқа шығу үшін вакцина салдыру шарт болады

«COVID-19» және вирусты пневмонияның өршуіне байланысты Түркістан облысында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты.

Меншік нысанына қарамастан барлық ұйым басшыларына қол астындағы қызметкерлерінің екпе алуын қадағалау тапсырылған.

«Тек денсаулығына байланысты кері әсері бар және соңғы 3 ай ішінде коронавируспен ауырып жазылғандар бұл талаптан босатылады. Қалған азаматтар 10 тамызға дейін вакцинаның алғашқы дозасын, ал 1 қыркүйекке дейін екінші компонентін салдыруы тиіс» делінген қаулыда. Кез келген мекеме басшысы COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қарамағындағы қызметкердің күнделікті офлайн режимдегі жұмысқа шығуына шектеу қоюға міндеттелді. Талаптарды жеке және заңды тұлғалар орындауы тиіс. Аталған қаулы 22 шілдеден бастап күшіне енеді.