Ақтаудағы түрмеде барлық нысанның техникалық күйін арнайы комиссия тексеруде

Ақтаудағы түрмеде барлық нысанның техникалық жай-күйін арнайы комиссия тексеріп жатыр. Бұл мәселе Ішкі істер министрінің жіті назарында.

Бүгін министрдің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов көп бейінді ауруханаға барып, емделіп жатқан сотталушылардың жағдайымен танысты. Оларға жақындарымен видеобайланыс арқылы сөйлесуге рұқсат берілген. Ал полиция департаменті «сапасыз салынған құрылыс» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.