Риддер қаласында үйлері өртеніп кеткен 11 отбасына жаңа баспана берілді

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында үйлері өртеніп кеткен 11 отбасына жаңа баспана берілді.

Қалған 20 жанұя жақын уақытта үйлі болады. Екі ай бұрын Риддерде 290 га аумақты шарпыған алапат өрт болған еді. Салдарынан сол маңдағы 30-дан астам үй жанып кеткен болатын. Риддер тау ішінде тұрғандықтан қысы қатты әрі ұзақ. Сондықтан үй сапасы да соған лайық тұрғызылды. Тұрғындар құрылыс барысын мемлекеттік комиссиямен бірге бақылады. Бүгін жаңа шаңыраққа кірген жұртқа асүй жиһазы сыйға тартылды. Енді бұл ықшам аудан абаттандырылады.

Азамат Мұхамедшинов, ШҚО әкімінің орынбасары:

- Қазір осы үйлер салынып жатқаннан кейін мына үйлердің есік алдында, жалпы үйлердің араларында балаларға арналған ойын-сауық орталықтары болады, сосын үлкен кісілер қыдыратын парк зона дейміз ғой, соның бәрін мына риддерлік әкімшілік жоспарында бар, қазір ол жұмыстар басталып, жалғасын тауып жатыр.