Биыл ШҚО-да ковидтен 60 адам қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері коронавирустан 60 адам көз жұмды.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда пандемия басталғалы бері 31 мыңнан астам коронавирус жұқтыру жадайы тіркелген. Өкінішке орай, дәрігерлердің барлық күш-жігерін салуына қарамастан пандемия басталғаннан бері аймақта коронавирустан 365 адам қайтыс болды, оның 60-ы биыл көз жұмған. Атап айтқанда, Семейде коронавирус пен пневмониядан 34 өлім, Өскеменде – 16, облыстың басқа қалалары мен аудандарында 10 өлім тіркелді.

coronavirus2020.kz

Сондай-ақ...