Мобильді интернет жылдамдығы: Қазақстан Ресей мен Малайзияны басып озды

2021 жылғы маусымда мобильді интернеттің жылдамдығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан өзінің позициясын бір айда 5 пунктке, ал бір жылда 15 пунктке жақсартып, 80-орынға ие болды.

Мобильді интернеттің жылдамдығы 30,18 Мбит/с-қа жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 42% жоғары, деп хабарлады finprom.kz.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда мобильді интернеттің жылдамдығы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстанға қарағанда жоғары. Қазақстан әлемнің басқа елдерінің ішінде Малайзия, Египет, Индия, Венесуэла және т.б басып озды.

Әлемде мобильді интернеттің орташа жылдамдығы маусым айында 55,34 Мбит/с болды. Рейтингтегі көшбасшы елдер – БАӘ (193,51 Мбит/с), Оңтүстік Корея (180,48 Мбит/с) және Қатар (171,76 Мбит/с). Ең төменгі жылдамдық Ауғанстанда тіркелген – небары 7,37 Мбит/с.