Жамбылда 128 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Жамбылда жолдарды күтіп ұстамаған 128 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың алты айында облыстың автомобиль жолдарына 1 026 тексеру жүргізілді, тексеру барысында 6 762 ақау анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша жол ұйымдарының басшыларына 1 026 ұйғарымды орындауға берілді. Автомобиль жолдарын күтіп ұстаудағы кемшіліктер бойынша 190 ақпарат жолданды. Сондай-ақ теміржол өтпелеріне тексеру жүргізілді, бұл ретте оларды күтіп-ұстауда 152 ақау анықталды, өтпелерге қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына оларды жою үшін 56 нұсқама берілді.

Автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 128 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жолдарда жұмыс жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 631-бабы 1-бөлігі бойынша 81 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол-көлік оқиғасын жасауға әкеп соққаны үшін бұрын да осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған тағы бір лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да құрылыстарды немесе жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын зақымдағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-бөлігі бойынша 46 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Николай Сон.