Үндістанда құс тұмауынан болған алғашқы адам өлімі тіркелді

Үндістанда құс тұмауынан болған алғашқы адам өлімі тіркелді.

Аурудан 11 жасар бала көз жұмған, деп хабарлады ТАСС.

Мәліметтер бойынша, бала 2 шілдеде жоғары температурамен және жөтелмен түскен.

«Біз оны COVID-19 деп ойладық. Бірақ тест теріс нәтиже көрсеткен кезде қосымша зерттеулер баланың құс тұмауы вирусынан туындаған инфекциямен ауырғанын көрсетті», - делінген.

Қазіргі уақытта баламен байланыста болуы мүмкін адамдарды іздеу және анықтау жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 15 жыл ішінде Үндістанда құс тұмауының бірнеше рет өршуі байқалды.

Сондай-ақ...