Келушілер Көбейтұз көлінің сәнін кетірді

Демалушылардың варварлық әрекеттерінің салдарынан Көбейтұз көлі ұзақ уақыт бойы өзінің ерекше қасиеттерін жоғалтуы мүмкін. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зүлфухар Жолдасов мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24 zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур барысында айтып өткендей, бұл су айдыны ежелден болған. Жабық су айдыны негізінен тасқын сулардан толтырылған. Жер астындағы тұздардың көп мөлшеріне байланысты мұндай концентрациялар жер бетінде түзіледі.

Көптеген адамдар емдік қасиеттері бар деп қателеседі, іс жүзінде бұл тұздың ерекше дәрілік қасиеттері жоқ, оның қарапайым тұздан ешқандай айырмашылығы жоқ», - деді Комитет басшысы.

Көл аумағы 640 га жерді қамтиды, тереңдігі 1,5 метрге жетеді. Көпшілік қауым тұздың өзі немесе топырақтың өзі қызғылт түс береді деп ойлайды, алайда қызғылт түс микроорганизмдердің, балдырлардың әсерінен пайда болады. Бірнеше жылда бір рет көл осындай ерекше түске ие болады.

Бізді қазір көлдің жағдайы қатты алаңдатып отыр. Өзіміз барып, көлдің мәселесін қарадық. Мұндай ерекше көл Қазақстанда әзірге жалғыз. Канада мен Австралияда бар», - деді Зулфухар Жолдасов.

Естеріңізде болса, өткен жылы Көбейтұз көлі көптің қызығушылығын тудырған еді. Өзінің алқызыл түсімен ерекшеленген көлге қазақстандықтар жаппай ағылған болатын. Мұны әлеуметтік желілердегі фотосуреттер мен бейнелерден байқауға болады.

Комитет басшысының айтуынша, демалушылар өздерінен кейін қоқыстар қалдырып, сонымен қатар шелектермен тұз қазып алып кетеді.

«Көріп отырғандарыңыздай, жауапсыз адамдар тұзды қазып алған кезде пайда болған қара шұңқырлар бар. Біз мұнда көлікпен жүргенде де осы тұздың килограмын 5 мыңнан сататын жарнамаларды көрдік», - деді Жолдасов мысал ретінде.

Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігімен бірге бірнеше полиция желісі құрылды. Бұл карантиндік мерзімге арналған уақытша шешім.

«Сондай-ақ табиғатты қорғау полициясымен бірлесе отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Ереже бұзылған жағдайда оларға тұз жинағаны үшін айыппұл салынады. Біз осындай жабайы әркеттерді тоқтату үшін барымызды саламыз. Барлық шараларды қарастырамыз. Аудан әкімдігі адам санын шектеу туралы шешім қабылдады. Карантин жарияланғаннан кейін біз ар-ұжданмен жұмыс жасауымыз керек. Тұзға салынған айыппұл тәркіленген ресурстардың көлеміне байланысты болады, ал қоқыстар үшін ол 5 АЕК құрайды», - деп атап өтті Зулфухар Жолдасов.