423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арал мен Қазалыдағы тұрмысы төмен 900 отбасыға мал азығы тегін таратылды

  • 72
  • UPD: 17:38, 21.07.2021
Арал мен Қазалыдағы тұрмысы төмен 900 отбасыға мал азығы тегін таратылды

Аймақтың шаруа қожалықтары «Азық-түлік корпорациясы» қорымен 490 тонна арпа алуға келісімшарт жасаған еді.

Оның 425 тоннасы жеткізілді. Облыстың барлық елді мекенінде мал азығын дайындау үшін жүзден астам бригада құрылып, шөп оруға 200-дей техника жұмылдырылған. Сондай-ақ су арналарын тазалау, ұңғымалар қазу және шабындық-жайылымдарды суландыру шаралары қолға алынды. Аймақта эпизоотиялық ахуал нашарлауының алдын алу үшін малдың өлексесін көму және түліктің қырылу себебін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Серік Сермағамбетов, Арал ауданының әкімі:

- Брінші кезекте тұрмысы төмен отбасыларына, 5 сиыр және 10 уақ малы бар азаматтарға жем әкелу мақсатында 900 тонна жем алдыруға жұмыс басталып кетті. Бүгінгі таңда 1800 үстінде қап жеткізіліп тұр.

Ғалым Байымбетов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- 942,4 мың тонна жем, 213,6 мың тонна құрама жем дайындау қажет. Жоспарға сәйкес өз өнімі есебінен 220 мың тонна жоңышқа, 172,5 мың тонна күріш сабаны және 8 мың тонна сүрлем дайындау жоспарлануда. Қалған 549 мың тоннасын қамыс шөбін ору арқылы қамтамасыз етіледі.

Хабар 24 телеарнасы