Telegram қолданатын 30 мыңға жуық қазақстандықтың жеке мәліметтері желіге тарап кетті

Telegram қолданатын 30 мыңға жуық отандасымыздың жеке мәліметтері желіге тарап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері мониторингтік тексеріс кезінде анықтаған. Олар қолданушылардың есім-сойы, телефон нөмірлері жазылған файлдарды тапқандарын айтады. Бұл – интернет алаяқтарға «олжа» болғалы тұр. Олар енді желіге тараған осы мәліметтерді пайдаланып, адамдардың куәлік нөмірі мен банк шоттарын алуға тырысады. Сондықтан мамандар сақ болуды ескертіп отыр.