Ертең Шымкентте дабыл жүйесі іске қосылады

22 шілде күні Шымкентте электродабыл іске қосылады. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай департаменті хабарлайды.

«22 шілдеде сағат 10:00-де Шымкент қаласында электродабылды қосу арқылы құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Үрейленбей, тыныштық сақтауды сұранамыз.

Электродабыл «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы болып табылады және төтенше жағдайдың қаупі немесе орын алған жағдайда халықтың назарын аудару үшін іске қосылады.

Бұл сигналды естіген кезде тұрғындар қолжетімді барлық ақпарат қабылдау құралдарын – телеарнаны, радионы міндетті түрде іске қосып, қалыптасқан жағдайда жасайтын іс-қимылдар туралы нұсқаулық алу қажет», делінген ТЖД хабарламасында.