Елімізде кейбір қалдықтарды өртеуге тыйым салынатын болады

Елде кейбір қалдықтарды өртеуге тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығын дайындады.

Елде кейбір қалдық түрлерін өртеуге тыйым салынбақ. Себебі күл-қоқыстың экологияға зияны көп. Мамандар қазір осы мәселені талқыға салып жатыр. Құжат 30 шілдеге дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» (нормативтік-құқықтық акт) сайтында орналастырылған.

Динара Әжіғалиева, ҚР ЭМ Қатты тұрмыстық қалдықтар басқармасының басшысы:

- Қыркүйек айында бас шаhарда құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу зауыты ашылады. Жалпы құрылыс қалдықтары қоқыс полигондарында көмілетін.

Мәселен, жарылғыш, коррозиялы, тотықтырылатын, жоғары өрт қауіпті болып табылатын қалдықтар, медициналық және құрамында сынабы бар қалдықтарды өртеуге тиым салынады.

Қазақстанның барлық аймағында қалдықтарды жинау мен қайта өңдеуді жүзеге асыратын компанияның мәліметінше, 2020 жылы жыл бойы 33 мың тонна қалдық жиналған. Ал биыл 47 мың тоннаға дейін жеткен. Мамандардың айтуынша, 2030 жылға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 30%-ке жеткізу қажет.

Қайратғали Хайрулла, компанияның стратегиялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры:

- Негізгі біздің мақсатымыз – 2030 жылға дейін қалдықтардың 30%-ке дейін сұрыптап, одан пайдалы фрагменттерді алып қалу. Жылдың басынан бастап жинап, қайта өңдейтін мекемелерге 1 млрд теңге ақша бөлінді. Шамамен 3 млн ақша бір 20 млн қалдық үшін. Бұл біздің тарапымыздан кәсіпкерлерді қолдау, қоршаған ортаны сақтау болып табылады.

Айта кетейік, елімізде еуропалық стандарттарға сай қалдық өртеу орындары төрт жыл ішінде  Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шығыс Қазақстан облысында және Ақтөбеде бой көтереді.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Ержан Рахманбердиев