Антикор өкілдері Qoldau.kz платформасының жұмысына күмән келтіреді

Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Qoldau.kz платформасының жұмысына күмән келтіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы мониторинг шаруалардың өтініші неге қанағаттанбай қалатынын тексерген. Сөйтіп, субсидиялауға жатпайтын мал түріне мемлекеттен қолдау көрсетілгені анықталды. Бүгінде өңірдегі 11,5 мың шаруа аталған жүйеге өтініш берген екен. Жалпы соңғы бір жарым жылда облыста парақорлыққа жол берген 32 адам сотталған. Өңірдегі департамент басшысы Денис Шакеновтың айтуынша, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жер қатынасы, ауыл шаруашылығы, құрылыс және құқық қорғау саласында арнайы ақы үшін қызмет көрсету деректері тіркелген.