Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің «Протон-М» кемесі ұшты

Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің «Протон-М» зымыран тасығышы сәтті ұшты. Ол Халықаралық ғарыш айлағына «Ғылым» деп аталатын модульді алып ұшты.

Салмағы 20 тонна болатын ғарыш аппараты орбитаға шыққан соң зымыран тасығыштан сәтті бөлініп, халықаралық станцияға бет алды. Модуль ғарыш станциясына 8 күннен кейін барып түйісуі тиіс. Көп мақсатты аппарат станциядағы Ресей бөлігін ұлғайтып, техникалық мүмкіндіктерін арттырады.

Айта кетейік, «Ғылым» модулі Халықаралық ғарыш станциясына 2007 жылы ұшырылуы тиіс болатын. Алайда түрлі техникалық мәслелерге байланысты бірнеше мәрте кейінге шегерілген.