424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

О.Булавкина: Мемлекеттің дамуы ұлттың денсаулығы мен әл-ауқатына байланысты

  • 48
  • UPD: 11:44, 22.07.2021
О.Булавкина: Мемлекеттің дамуы ұлттың денсаулығы мен әл-ауқатына байланысты Сенаттың баспасөз қызметі

Сенатор Ольга Булавкина Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданындағы медициналық мекемелердің қызметкерлерімен кездесті.

Сенат депутаты Алтай ауданына болған кезде Сенаттың заң шығару қызметі туралы айта келіп, медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту мен олардың еңбек жағдайларын жақсартуға тікелей қатысты заңдар туралы хабардар етті. Ол еліміз Президентінің Жолдауын іске асыру бағыттарының бірі – пандемия салдарын еңсеру және қазақстандық ұлттың денсаулығын нығайту екенін атап өтті.

«Пандемия денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қазіргі проблемаларды айқындады және осы салаларда жаңа реформалар жүргізу қажеттігін көрсетті. Қазіргі кезде дәрігер мамандардың жетіспеушілігі байқалады, өңірлерде кадрларды оқытуға грантпен қаржыландыру қажет. Ұлттың денсаулығы мен әл-ауқаты біздің болашағымыз екенін және мемлекеттің дамуы соған байланысты түсіну керек», – деді Ольга Булавкина.

Сенатор коронавирус инфекциясы пандемиясымен күрес кезінде дәрігерлердің жұмысына баса назар аударды, оларға қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты, сондай-ақ вакцинация мәселелерін талқылады.

Сенатор сондай-ақ өңірдегі көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселелері қалай шешіліп жатқанымен танысты. Ол жүзеге асып жатқан "Бір қабатты Шығыс" жобасын жоғары бағалады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидатына негізделген жоба көп балалы отбасылардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Сенатор бүгінгі таңда көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Сенатор фермерлермен кездесу барысында жергілікті шаруаларды толғандырған мәселелерді тыңдады. Олар ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидияларды бөлу жүйесін өзгертуге қатысты мәселелерді көтерді.

Ольга Булавкина сондай-ақ Қоғамдық кеңестер, ардагерлер кеңесі, этномәдени бірлестіктер мүшелерімен де кездесті. Бұл кездесулерде әкімдерді сайлау және қоғамдық кеңестердің, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, Аналар мен ақсақалдар кеңестерінің жұмысы мәселелері қаралды. Сонымен қатар ауруханаларды жабдықтау, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін интеграциялау және жеңілдікті дәрі-дәрмектер беру мәселелері де көтерілді.

Депутат аймақ тұрғындары көтерген барлық мәселелер оның заң шығару қызметінің арқауына айналатынын атап өтті.

Ақпарат көзі: Сенаттың баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы