Елорда тұрғындарының 82,5%-і МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Елорда тұрғындарының 82,5%-і МӘМС жүйесінде сақтандырылған.

«Қор тұрғын халықтың медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалмауы үшін халықты қамту жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындардың 82,5%-і МӘМС жүйесінде сақтандырылған», - деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

Елорда тұрғындарының 17,5% МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр.

МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі болмаса да, барлық азаматтар тегін медициналық кепілдендірілген көмек (ТМККК) аясында медициналық (шұғыл медициналық көмек, жедел жәрдем бригадасын шақыру, учаскелік дәрігер қабылдауы, т.б.) көмек ала алады.

Өткен жылы пандемия кезінде қолдау көрсету үшін Үкіметтің шешімі бойынша шағын және орта бизнес субъектілері міндетті төлемдерді, оның ішінде МӘМС төлеуден босатылған болатын. ШОБ ұйымдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз қызметкерлерінің сақтандыру мәртебесін қамтамасыз ету үшін, яғни сәйкестендіру үшін олардың деректерін 2021 жылдың 1 қазанына дейін дерекқорға енгізу қажет.

«Нұр-Сұлтан қаласында МӘМС жүйесі үшін жарна төлеуден босатылған 33 585 ШОБ субъектілері бар. 2021 жылдың 19 шілдесіндегі жағдай бойынша, олардың ішінде 31 383 субъект ақпараттық жүйеде өз деректерін жаңартқан. Енді ақпараттық жүйеде өз деректерін әлі жаңартпаған және МӘМС жүйесіне төлем жүргізілмеген 2202 субъект қалып отыр», - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

Естеріңізге саламыз, Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтына https://msb.fms.kz сілтемесі орналастырылған. Жұмыс берушілер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар ай сайын, әр айдың 25-інен кешіктірмей, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шағын және орта бизнес кәсіпкерлері жеңілдікті санаттарына жататын өз қызметкерлерінің деректерін (ЖСН) msb.fms.kz сілтемесі бойынша «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізіп, жаңартып отыруы тиіс. Егер ШОБ қызметкері тізімде болмаса, қолдау 24/7 қосымшасын жүктеп, тіркеліп, ШОБ қызметкері екенін дәлелдейтін құжатын қоса тіркеп, қорға өтінім жібереді.

Ақпарат көзі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі