424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар - Түркістан жаңа авиарейсі ашылды

  • 84
  • UPD: 12:19, 22.07.2021
Павлодар - Түркістан жаңа авиарейсі ашылды Pavlodarnews.kz

Павлодардан Түркістанға ұшу аптасына үш рет орындалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасының мәліметінше, жаңа бағыт 21 шілдеде іске қосылып, қызметті «Scat» авиакомпаниясы ұсынады. 

- Екі өңірді қосатын Павлодар – Түркістан тікелей әуе қатынасы әр сәрсенбі, сенбі және жексенбі орындалмақ. Ұшу 1 сағат 40 минутқа созылады. Бұл бағыттағы билеттің нақты бағасы бекітіліп, 25 мың теңгені құрайды, - дейді басқармада.

Билеттерді Павлодар әуе кассаларында немесе онлайн қызметтер арқылы сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы