Өскеменде қоқыс сұрыптайтын кешен құрылысы басталды

Өскеменде қоқыс сұрыптайтын жаңа кешен құрылысы басталды. Онда жылына 100 мың тонна қатты қалдық өңделеді.

Өндіріс тамыздың 30-ы күні іске қосылады. Өңірде тағы бір жаңа жоба қолға алынады. Енді қала тұрғындары зауытқа шикізат өткізіп, оны табыс көзіне айналдыру мүмкіндігіне ие. Бұл жоба «Eco-Qolday HOME» деп аталады. Қосымшаны қалай қолданады және қоқыс сұрыптаудың қандай ерекшеліктері бар, оны кәсіпорын қызметкерлері арнайы шеберлік сабағы арқылы түсіндірмек.