Елордада инфекциялық стационарлар жүктемесі 72%-ке жетті

Себебі қазір  инфекциялық стационарларда науқастар көбейді. Олардың саны 2556-ға жеткен. Осылайша жүктеме 72%-ті құрап отыр.

Жансақтау бөлімінде індетке шалдыққан 203 адам жатыр. Өте ауыр хәлде – 70 науқас, ал 47 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты. Сондай-ақ коронавируспен күресуге 16 инфекциялық стационар тартылған. Бүгінде 1006 төсек орын бос, оның ішінде 62-сі реанимациялық.  Тимур Мұратов мобильді бригадалар күніне 2 мыңнан астам шақыртуға баратынын тілге тиек етті. Ал алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында 11 мыңға жуық науқас ем алуда. Бұдан бөлек астанада ковидті анықтау үшін зертханалар саны артты.