424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында есірткі сатты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды

  • 54
  • UPD: 15:16, 22.07.2021
Түркістан облысында есірткі сатты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды

Түркістан облысының полицейлері есірткі сатты деген күдікпен ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Онда Сайрам ауданының тұрғындары, яғни ерлі-зайыптылардың есірткі затын сатумен айналысып жүргені айтылды. Ақпарат алысымен ТО ПД ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлері қылмысты ашудағы өзіндік әдістерді қолданып, қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде күдікті ерлі-зайыптылар анықталып, ұсталды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері бірден СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркеді. Өз кезегінде күйеуінен пакетке салынған, әйелінен қағазға оралған есірткіге ұқсас зат алынды. Сараптама қорытындысымен екеуінен алынған зат «кептірілген марихуана» болып шықты. Жалпы салмағы 25 грамнан асты.

Атап айтсақ, күдікті ерлі-зайыпты Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты. Олардың бірі Сайрам ауданында, екіншісі Түлкібас ауданы аумағында есірткі затын сатумен айналысты деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады. Ерлі-зайыптылар қамауға алынды. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктілердің есірткіні сақтау мен өткізудің басқа да деректеріне қатысы бар-жоғын анықтауда.

Хабар 24 телеарнасы