Су басатын аймақ тұрғындары жаңа үйлерге көшеді – Ақмола облысының әкімі

Ақмола облысының әкімі Президентке есеп берді.

Бұл жайында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фэйсбуктегі парақшасында хабардар етті.

Ермек Маржықпаев алдымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Одан әрі эпидемиологиялық ахуалды баяндаған. Қазір облыс тұрғындарының тең жартысы екпе салдырған. Дәрі-дәрмек қоры жасақталған. Қазіргі кездегі тағы бір шетінді мәселе егін және жем-шөп дайындау мәселелесі де сөз болды. Аймақ басшысы биыл жауын-шашынның аз болғанын айтады. Бұдан, әсіресе, Торғай өңірі көбірек зардап шеккен. Осыған байланысты көршілес аудандарда бірлесіп шөп шабу жұмыстары ұйымдастырылған.

Тағы бір айта кететін жайт, Ақмола облысында бірқатар елді мекен көктем сайын қарғын судан зиян шегеді. Сол себепті қауіпті аймақ тұрғындары жаңа үйлерге көшірілмек. Ол үшін Атбасарда 100 пәтерлік 2 тұрғын үй кешені салынып жатыр.