Алматыда «дельта» штамы бой бермей тұр

Алматыда вирус мың адамнан анықталды. Бұл пандемия басталғалы мегаполисте ауру жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші.

Былтыр короновирус өршіп тұрған кездің өзінде қалада тәулігіне 500-700 адам ауыратын. Шаһар әкімдігінің хабарлауынша шілденің үш аптасында аурулар саны 4 есе өскен. Әсіресе, «дельта-штамының» тез таралып жатқаны байқалады. Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі қаладағы денсаулық сақтау жүйесін коронавируспен күреске жұмылдырған. Мегаполисте «ұжымдық иммунитет» қалыптастырудың баяу жүруі - жаппай ауру жұқтыруға әкеліп отыр. Сондықтан, билік өкілдері алматылықтарды вакцина алуға шақырды. Мамандардың айтуынша базарлар, қоғамдық көлік, қоғамдық тамақтану орындары мен адамдар көп жиналатын демалыс саябақтары – инфекция жұқтыратын негізгі ошақтар

Лаура Мырзағали, Алматы қ. ҚДБ басшысының орынбасары

– Қаладағы кардиологиялық орталығымызды ковидтік стационар қыламыз. Бірақ онда көбінесе ковидпен ауырғандар және мына жүрек науқастары бар пациенттер орналастырылады. Одан кейін өзімізде барлық стационарымыз бар, мысалы козвен диспанцеріміз бар, ревмотологиялық орталық бар, солардың барлығында біз ковидтік стационарлар дайындаймыз.