Маңғыстау облысына 9 вагон арпа жеткізілді

Маңғыстау өңіріне Ақмола облысынан 9 вагон арпа жеткізіліп, нарықтағы бағадан 20 процентке арзан сатылып жатыр.

Яғни келісі 92 теңге. Мал азығы 4 аудан мен Жаңаөзен қаласының шаруаларына тең бөлінген. Бір шаруаға 100 қаптан артық сатылмайды. Осы мақсатта бюджеттен 54 млн.170 мың теңге бөлінген. Жалпы бұған дейін өңірде 546 тонна өнім таратылған. Ендігі жеткізілген арпа бұған дейін ештеңе алмаған ауылдарға берілді. 

Амантай Жарылға, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация»АҚ жетекші маманы:

– Маусымның аяғында 10 вагон алдық. Соның ақшасы қайтарылғаннан кейін, міне бүгін аудандардың сұранысы бойынша алдыртып жатырмыз. Мұнайлы ауданына 4 вагон келіп тұр. Оның 2 вагоны Түпқараған ауданына, 2 вагон Мұнайлыға барады. Құрық станциясына 1 вагон кетті. Қарақияда екінші вагон бар, Жаңаөзен стансасына кетті. Бостан, Құланды, Сенек ауылдарына барады. Ал, Жаңаөзен қаласының өзіне 2 вагон бөлінді.