Ақтауда коронавирустан қайтыс болғандардың саны артты 

Маңғыстауда короновирус жұқтырғандар көбейіп барады.

Кешелі бері 207 адамнан дерт анықталып, 4 адам қайтыс болды. Науқастардың ішінде 154-і симптомды, 53-і симптомсыз. Көпшілігі Ақтау қаласының тұрғыны. Бас санитар дәрігердің айтуынша, тұрғындардың арасында әлі де жиын-тойға бару тыйылмай тұр. Қазір Маңғыстау облысы қызыл аймақта тұр. Осы күнге дейін вакцинаның 1-ші компонентін 92 мыңға жуық, ал 2 компонентін 49 мыңнан аса адам салдырған. Олардың арасынан 53 адамнан коронавирус анықталды. Аймақта карантин шаралары күшейтілген.

Ғазиз Надуев, Маңғыстау облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– Халқымыздың ішінде әлеуметтік жауапкершілікті түсінбейтін отандастарымыз бар. Қызыл статуспен басқа жаққа жолға шықпақшы болған және адам көп шоғырланатын  қоғамдық тамақтану, басқа да сауда орындарында бүгінгі таңда 400-500 адам анықталып отыр. Науқас екенін біле тұра олар адам көп шоғырланған жерге кірмекші болған. 3 жеке тұлғаға 131 265 теңге айыппұл салынды.