Солтүстік Қазақстанда заңсыз қоқыс полигоны көбейіп кеткен

Қоршаған орта ластанып жатыр деп экологтар дабыл қағуда. Қазір өңірде 300-ден астам полигон болса, соның тек 16-сының ғана заңды құжаты бар екен. 

Бұл Петропавл қаласы шетінде орналасқан Жұмысшы кентіндегі көрініс. Алып жыраны тұрғындар бірнеше жылдан бері қоқысқа толтырып келеді. Иісі қолқаны қабады. Дегенмен мұнда мал жайылып, балалар да ойнап жүр.

Қайыркен Дулатова, қала тұрғыны:

Қорқамыз. Неге десең, үйге жақындап келе жатыр. Малдың қиын әдейі саламыз. Кейде балшық әкеліп салады. Бұл қоқысты енді қаладан әкеліп, машиналармен түсіріп жатады. Мына жерге құрылыс қалдықтарын да әкеліп түсіріп кетті. Енді оның қайсы бірін аңдимыз? Өзіміз де тастаймыз.

Проблеманың алдын алу үшін экологтармен тәртіп сақшылары арнайы рейдке шықты. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тазалық сақтауға шақырды.

Заңсыз полигондардың бірі – Бәйтерек ауылы маңында пайда болды. Атқарушы билік өкілдері кезінде жер учаскесін бөліп, құжаттарын сол күйі рәсімдемеген.

Жасұлан Сәдуев, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:

Мына жерге қоқысты төгуге болмайды. Екіншіден бұл бүкіл қоқыстарлы акимат шығару керек. Жергілікті атқарушы органдар шығару керек. Шығармаса онда соттың санкциясы бар.

Қазіргі таңда 10 шақты ауылдың халқы қалдықты осы жерге төгеді. Мұнда ешқандай белгі де орнатылмаған. Соған қарағанда әкімдік соттық шемімін орындауға асығар емес.

Бәйтерек ауылы маңында орналасқан аты шулы қоқыс полигонына тұрғындар төрт жылдан бері тұрмыстық қалдықтарын әкелуге мәжбүр болған. Дегенмен экологтар биыл соттың шешімімен полигонды заңсыз деп анықтаған. Дегенмен де мұнда келіп жатқан тұрғындардың легі толастар емес.

Бұл жолы табиғат жанашырлары заң бұзғандарға тек ескерту жасады. Жағдай қайталанса, айыппұл салынатын болады.

Жалпы жауаптылар өңірде 300-ден астам заңсыз қоқыс полигонын анықтаған.