424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аграрлық бизнесті дамыту үшін несиелерге кепілдемені қалай алуға болады?  

  • 107
  • UPD: 13:28, 26.07.2021

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры банктен несие алған аграршыларға кепілдеме бере алады.

«Шаңырақ Р» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қордың көмегіне жүгініп, машина-трактор паркіне 10-нан астам заманауи техника сатып алған.

Уәли Рахметов 20 жыл бойы егіншілікпен айналысып келеді. Серіктестік ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 5 мың гектардан бастаған. Қазір 10 есеге артты. Ол жерге арпа, зығыр және күнбағыс егілген. Бұл өнімдер экспортқа шығып жатыр. Биыл машина-трактор паркін жаңарттық,- дейді директор. Ол несие рәсімдеп, 6 комбайн, 2 трактор және басқа да техника түрлерін сатып алған.

Уәли Рахметов, «Шаңырақ» ЖШС директоры:

Халық банкінде 1,4 миллиардқа инвесткредит алғанбыз. Бізде кепіл аз болды. Сондықтан банк бізге Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына жүгінуді ұсынды. Қор бізге 700 млн теңгеге кепілдік берді.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры аграрлық саладағы жобаларға бөлінетін банк несиелеріне кепілдік береді. Мөлшері– несие сомасының 85%-ке дейін.

Ерлан Романқұлов «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Бас менеджері:

– Кепілдендіру шартына сәйкес, банк несиесінің жылдық мөлшерлемесі 17%-тен жоғары болмау керек, сомасы 5 млрд теңгеден, ал мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс. Басым инвестициялық жобалар іске қосылғанша кепілдік мөлшері 85%-ке дейін болады. Жоба толық іске қосылғаннан кейін кепілдік мөлшері 50%-ке  дейін төмендейді.

Қор «Еңбек» бағдарламасы аясындағы несиелерге де кепілдік береді. Бағдарлама іске қосылғаннан бері 1400-ге жуық кәсіпкер осы қолдау шарасын пайдаланып, жалпы сомасы – 4,4 млрд теңгені құрайтын несие алды.

Авторы: Наргиз Бекмағанбетова, Тоқтар Терлікбаев

Хабар 24 телеарнасы