424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау мен Ақтөбе облысына 3 мың тонна мал азығы жеткізіледі – А. Мамин

  • 76
  • UPD: 18:51, 24.07.2021

Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Маминнің Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары кезінде белгілі болды.

Премьер-Министр аймақта бірнеше нысанды аралады. Медицина бұйымдары, ауыл шаруашылығы өнімдері, құрылыс материалдары өнідірлетін және киім-кешек тігілетін барды. Облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8 процентке өскен. Яғни 1 млрд теңгеге жуықтаған. Мұндай көрсеткішке жаңадан іске қосылған кәсіпорындар арқылы қол жеткізіліп отыр. Соның бірі – мал азығын дайындайтын өндіріс. Кәсіпорын өнімдері қуаңшылық кезінде зор сұранысқа ие екенін көрсетті. Сондай-ақ аймақта «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық жолы салынып жатыр. Биыл бірнеше учаскесі пайдалануға беріледі.

Марат Махамбетов «Қазавтожол» ҰК» АҚ филиал директоры:

Құрылыс монтаждау жұмыстары басталып кетті. Қазір инертті материалдар дайын тұр. Келесі жетіде асфальт төсеу басталады. Зауыт бар. Жұмыстар жүрігізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы