Оралдағы арматура зауытында қару-жарақ жойылды

Оралдағы арматура зауытында қару-жарақ балқытылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қару мен оқ-дәрі жедел алдын алу шарасы кезінде тәркіленген.

Кейбірін тұрғындар өз еркімен тапсырыпты. Тәртіп сақшылары суық қаруды жыл сайын осылай жойып отырады. Бұл жолы 193 қару -жарақ балқытылып, 250 келі шамасында металл алынды.

Армат Сағитов, БҚО ПД аға инспекторы:

- Қарулардың арасында 178 тегіс ұңғылы мылтық, қалғаны пневматикалық және газ тапаншалары. Олардың барлығы да жойылды. Тиісті жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Сондай-ақ...