Қазақстанда бала туу көрсеткіші айтарлықтай артқан

Биыл бірінші тоқсанда Қазақстанда 100,5 мың бала дүниеге келді, бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда дүниеге келгендер санының өсуі 8,4% құрады, деп хабарлады ranking.kz.

2020 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 92,7 мың нәресте дүниеге келген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,8% ғана көп.

Жалпы 2020 жылы елімізде 425 мыңнан астам кішкентай қазақстандық дүниеге келді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 6% артық. Салыстырып қарастыратын болсақ, 2019 жылы дүниеге келгендер санының өсуі 2018 жылғы көрсеткіштен 1,3% қана асқан. 

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында халық саны 18,94 млн адамға жетті. 

Сондай-ақ...