Түркістан облысында жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты 486 адам жазаға тартылды

Құрылысқа арналған қаржының 1%-ін қалтасына басып, артынан 11 жылға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тақауда Түркістан облысындағы Келес ауданының тұрғын үй құрылысы бөлімінің жетекшісіне қатысты сот үкімі жария болды. Шенеунік былтыр маусымда пара алды деген күдікпен қамауға алынған еді. Ол қосалқы станцияның құрылысына жауапты мердігерден 30 млн теңге көлемінде ақша талап еткен. Жалпы бармақ асты, көз қысты әрекеті үшін жыл басынан бері 486 адам жазаға тартылған. Оның 116-сы пара алғаны үшін, ал 211-і пара бергені үшін сотталды. 12 азамат қылмыстық келіссөз жүргізіп, арада делдал болса, тағы 69 адам алаяқтық әрекетке барған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктен хабарлағандай, бүгінде заңды белден басқан 141 азамат бас бостандығынан айырылды.