Павлодар облысында эпидахуал күрделі

Соңғы тәуліктерде коронавирус жұқтырғандардың саны көбейіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір күнде 200-ге жуық науқас тіркелген. Аурумен күресу мақсатында аймақта инфекциялық төсек-орындар көбейтіліп, қосымша орындар жасақталып жатыр. Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта емдеу мекемелерінің жанында 2200 инфекциялық және ренимациялық төсек-орын жасақталған. Бүгінде олардың 34%-і толық. Жағдай ушықса, төсек-орын қатарын төрт мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Облыс орталығындағы модульді ауруханада 70 адам ауыр халде жатыр. Олардың бесеуі жасанды демалу аппараттарына қосылған.

Айта кетейік, вирус жұқтырғандардың қатарында вакцинаның бірінші компонентін алған 12 пациент бар. Бұл санаттағы науқастардың жағдайы орташа деңгейде.

Айдар Сейітқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қазіргі уақытта Екібастұз қаласында инфекциялық госпиталь жаңартылуда. Жобалық-сметалық құжаттама бойынша оттегі станциясы салынады. Кеншілер шаһарында биыл тағы бір станция пайда болады. Осылайша, бұл мәселе толық шешіледі. Ал Павлодарда оттегімен қамту бойынша проблема жоқ.