Алматыда «қызыл» статусты тұрғындардың тізімі жария болды

Коронавируспен ауырған 80 алматылық көшеде қаннен-қаперсіз жүргені үшін әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантин режимін бұзғаны үшін оларға 87 510 теңге көлемінде айыппұл салынды. Екі тұрғынның ережені екі мәрте бұзғаны анықталды. ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен алматылықтар Ashyq жүйесімен жұмыс істейтін мекемелерге өтуге тырысқан. Олар халыққа қызмет көрсету орталығы, мейрамхана, фитнес-орталықтар мен әуежайға өтпек болған көрінеді. Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «қызыл» статусына қарамастан, ережені өрескел бұзған азаматтардың тізімін жариялады. Аталған тізім ресми департаменттің ресми сайтына орналастырылды.

Сондай-ақ...