Қызылорда облысындағы инфекциялық стационарларда орындар 61%-ке толды

Қызылорда облысындағы инфекциялық стационар төсек-орындарының жүктемесі 61%-ке жетті.

Жансақтау бөлімдері 47%-ке толып, науқастардың жартысына жуығы ауыр халде жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, дерті асқынғандардың барлығы вакцина алмаған азаматтар екен. Қазіргі таңда аймақтағы денсаулық сақтау нысандарында 800-ге жуық қызылордалық дертпен күресу үстінде, тағы мыңнан астамы үйінде емделіп жатыр. Жұқпалы аурулар аурханасына науқастар сыймағандықтан облыстық және қалалық көп бейінді медициналық орталықтан қосымша төсек-орындар дайындалған. Жалпы соңғы мәлімет бойынша өңірде 210 мыңдай сырбойылық ковидке қарсы вакцина салдырған. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін тағы осы шамада тұрғындар екпе алуы қажет.