«Ashyq» қосымшасындағы «қызыл статусқа» қарамастан ел аралаған 80 алматылық жазаланды

«Ashyq» қосымшасында «қызыл статус» түс анықталған 80 алматылық тұрғынға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Олардың қатарында екі азамат екінші рет жауапкершілікке тартылып отыр. 80 азамат ПТР тесті оң нәтиже көрсетсе де қоғамдық орындар, атап айтқанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, мейрамхана, фитнес залдары мен әуежай қызметтерін пайдалануға тырысқан. Алайда «Ashyq» қосымшасында «қызыл түс» көрсетілгендіктен олар нысанға жіберілмеген. 14 күндік карантинді сақтамаған азматтардың аты-жөні қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтына жарияланды.