Ақтөбе облысындағы егін алқабының 7%-і аптап ыстықтан зақымданған

Аптап ыстықтан Ақтөбе облысындағы егін алқабының 7 процентке жуығы зардап шеккен.

Мамандар бұл жерлерден 2-3 центнерден ғана өнім түсуі мүмкін деп отыр. Жалпы өңірде биыл 425 мың гектар астық себілсе, 69 мың гектар жерге майлы дақылдар егілген. Қуаңшылық негізінен Мұғалжар, Темір және Алға аудандарында орналасқан шаруа қожалықтарына айтарлықтай әсер етіп отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері егіннің 72-73 проценті бітік шыққан дейді. Оған шілде айында бір аптаға жуық толассыз жауған жауын-шашын септігін тигізіпті. Дегенмен, әзірге түсім көлемін болжауға ерте. 

Асылхан Әбтиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Өнімдік болжамды қазіргі күні айту әлі ерте деп санаймыз. Себебі әлі 10-12 күн ішінде қазіргі өзінің фазасы бойынша дән толықтап жатыр. Тек ғана содан кейін мынадай болжам болады деп айтуға, көз салуға болады. Әрине енді былтырғы жылмен салыстырғанда өнім төмен болуы күтілуде.