Маңғыстау облысында 20 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасынан шеттетілді

Маңғыстау облысында 20 кәсіпкерлік нысан Ashyq жобасынан шеттетілді. Енді 2 апта бойы оларға жүйеге кіруге тыйым салынды.

Жауаптылардың айтуынша, бұл сауда нүктелері келушілерді мекемеге кірген кезде QR-код арқылы сканерлемеген. Қазіргі таңда облыс бойынша жүйеде 733 қатысушы тіркелген. Кәсіпкерлік палатасы сканерлеу көрсеткіші төмен тағы 83 нысанның тізімін шығарған. Олардың арасында сұлулық салондары, фитнес залдары, мейрамхана мен дәмханалар бар. Мониторинг топтары аталған нысандарыды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аққу Айтжанова, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық сұрақтар бойынша орынбасары: 

- Кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» 2 апта сайын есеп шығарып отырады. Егер де 20 чикеннен аз көрсетсе, тізімін мониторинг тобына береміз. Әрі қарай бұл кәсіпкерлермен ескертпе жұмыстарын жүргізеді және жоба лидерлері бар. 28 кәсіпкерлік нысан. Оның ішінде банктер, қоғамдық тамақтану орындары бар. Әр түрлі жеңілдіктер қолданылады. Жеңілдіктің бірі нысанның толтыруын 10 %-ға арттыруға болады.