423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оралда егілген гүлдер қурап қалды

  • 191
  • UPD: 23:24, 23.07.2021

Оралдықтар қаланы көгалдандыруға жауапты компаниялардың жұмысына наразы. Шаһардағы гүлзарлар қурап жатыр.

Тұрғындар солып қалған өсімдіктердің суретін әлеуметтік желіге салып, әкімдіктен тиісті шара қолдануды талап етуде. Жергілікті билік жасыл желек өсіру бағытында былтыр үш жылдық жоспарды енгізген еді. Жобаға 830 млн теңге қарастырылған. Тиісті жұмыстар 2 мердігер ұйымға жүктелді. Кәсіпорындар келісім-шарт бойынша гүлдер мен көшеттерді егумен ғана шектелмей, оларды ұдайы күтіп баптауы қажет. Алайда жұмыс нәтижесі көңіл көншітпейді. Сала мамандары мердігерлерге ескерту берілгенін мәлімдеді.

Жәмила Ниязова, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы:

-  Тағы ескертулер беріп жатырмыз. Олар ескертілген олқылықтарды орындап жатыр. Сосын тағы бір тексерістер болады. Содан кейін барып, соған қарап тиісті шара қолданатын боламыз. Материалдарды санап аламыз. Орындалғанына ғана төленеді. Орындалмағанын, яғни өліп қалғанын өздерінің есебінен қайта қалпына келтіреді.

Хабар 24 телеарнасы