Петропавлда 26 шілдеден бастап карантин күшейтіледі

Солтүстік Қазақстан облысында уақыт өткен сайын эпидахуал нашарлап барады.

Тек өткен тәулікте өңірде 110 адамнан коронавирус анықталған. Осы аптада қауіпті дертке шалдыққандар саны екі есе өскен. Осыған байланысты 26 шілдеден бастап аймақта карантин талаптары күшейтіледі. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі, жексенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтары, азық-түліктік емес базарлар және спорттық нысандар жабылады. Мәдениет объектілерінің жұмысына да шектеу қойылып отыр. Мұнымен қоса қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқартылады.

Әсет Жұматаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Сырқаттанғандардың 89 процентінде ауру белгілері бар. Және де науқастардың жасы өзгерді. Мәселен, қазіргі таңда ем қабылдап жатқандардың жартысынан астамы 40 жасқа дейінгі азаматтар. Мұнымен қоса індет жас балалар арасында симптомды түрде өтіп жатыр. Сондықтан бетперде тағып, абай болғанымыз абзал.