Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады. Сауда орындары, ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері 10:00-нан кешкі 5-ке дейін ғана жұмыс істейді, ал сенбі, жексенбіде ашық жүйесі болса да жабылады. Тек дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ашық болады.

Ашық жобасына қатысатын фудкорттардың да жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-нан кешкі 5-ке дейін, ал сенбі және жексенбі күндері жабық тұрады.

Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады.

Мейрамхана, дәмханалар 30 орынға ғана қызмет көрсетуге тиіс әрі жұмыс күндері сағат 7:00-ден 12:00-ге дейін ашық. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.