423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО-да артық жүкке айыппұл төлеткізеді

  • 145
  • UPD: 10:08, 24.07.2021
ШҚО-да артық жүкке айыппұл төлеткізеді

Шығыс Қазақстанда жүк көліктерінің жүргізушілері 10 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді.

Соңғы алты айдағы көрсеткіш осындай. Өлкеде аптап ыстыққа орай жолда жүруге арналған біршама шектеулер қойылған. Енді 1 білікке түсетін жүктеме бұрынғыдай 13 тонна емес, 8 тоннадан аспауы тиіс. Күндіз сағат 11-ден кешкі 9-ға дейін осы талап сақталуы керек. Алайда бұл шектеуді ескеріп жатқандар шамалы.Жыл басынан бері 50-ден астам бұзушылықтар тіркелген.Тек өткен айдың өзінде 15 жағдай анықталып отыр. Бұның өзі күнделікті емес, ішінара тексеру жүргізген кезде ғана анықталды. Көбінесе жүк көліктері құрылыс материалдарын, кен қалдықтарын тасып жүктеменің артып кеткеніне мән бермейді. Ал соның салдарынан жол сапасынан түк қалмайды.

Айдос Қабылбаев, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШҚО филиалының инженері:

– Машина ізінен пайда болға науалар жүріске өте қатты әсер етеді. Жоғары жылдамдықта апатты жағдайға әкелуі мүмкін және көп жерлерде жол отырып кетеді, былайша айтқанда асфальт бетонның беріктік қасиеті жоғалады, тегістік жоғалады.

 

Хабар 24 телеарнасы