425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі – ТЖМ

  • 350
  • UPD: 12:28, 24.07.2021
Елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі – ТЖМ

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады деп отыр.

Әсіресе, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында күн ысып ауа температурасы күндіз 38-46 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды. Республиканың шығысы мен орталығында 42 градусты көрсетеді. Ал елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында жағдай мүлдем керісінше. Ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді. Күн күркіреп, қатты жел соғады.

Хабар 24 телеарнасы